«Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің Сүгір Бегендікұлы атындағы № 4 жалпы білім беретін мектеп»
2023 жылдың 12 мамыр күні Маңғыстау облысының білім басқармасының «Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің Сүгір Бегендікұлы атындағы № 4 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекетік мекемесінде қауіпсіздік шарасы бойынша оқу жаттығу шарасы өткізілді.
Жаттығу өтпестен бұрын мектеп ұжымы мен мектеп оқушыларына шара барысының ережесі толыықтай ескертілді.
“7 мамыр отан қорғаушылар”
5.06.2023 күні С.Бегендікұлы атындағы N4 ЖББ мектептің 4 “А” сыныбанда “7 мамыр отан қорғаушылар” күніне тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Басбаева Асия
9 мамыр
05.05.2023 жылы Жаңаөзен қаласындағы Рахат ауылында Жаңаөзен қаласы мектептерінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында 9 мамыр -жеңіс күні мереке сіне орай ерлер арасында волейболдан жарыс өткізілді. Жарысқа қатысқан Сүгір Бегендікұлы атындағы N 4 жалпы білім беретін мектептің ерлер командасы жүлделі ІІ орынды иеленді. Норенбаев Шүкір "Үздік ойыншы", Исембаев Серғали "Үздік шабуылшы" номинациясына ие болып, Исембаев Серғали Рахат ауылы әкімінің "Алғыс хатымен" марапатталды. Әріптестеріміздің жетістіктері құтты болсын, жетістері көп болсын.
"Ерлер-жердің қорғаны,елдің тұтқасы"
Сүгір Бегендікұлы атындығы N4 жалпы білім беретін мектептің 1"Е" сыныбында "Ерлер-жердің қорғаны,елдің тұтқасы" тақырыбымен ашық тәрбие сағаты өтті Мақсаты:Оқушыларға 7- мамыр "Отан қорғаушылар күні",9-мамыр "Жеңіс күні" Ұлы Отан соғысындағы Қазақстандықтардың ерлігі жайында әңгімелеп беру.Отанды сүюге,ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік,отансүйгіштік,ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу.Отанын,елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Сүгір Бегендікұлы атындағы N4 жалпы білім беретін мектептің
Сүгір Бегендікұлы атындағы N4 жалпы білім беретін мектептің 3 ”В” сынып оқушылары 9 мамыр-Жеңіс күнімен құттықтады. Мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру патриоттық сезімге баулу Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. #9мамыр #9Жеңіскүніқұттыболсын!
"Сүгір Бегендікұлы атындағы"
Жаңаөзен қаласы бойынша "Сүгір Бегендікұлы атындағы" N4 жалпы білім беретін мектеп КММ-де оқушылар арасында буллинг, кибербуллингтің алдын алу мақсатында шаралар өткізілуде.Буллинг дегеніміз бұл оқушылардың бір біріне әлімжеттік жасауы.Кибербуллинг дегеніміз бұл әлеуметтік желі арқылы бопсалау.Буллингтің жасөспірімдерге тигізер зияны,зор. Сондықтан ата-аналар балаларға үнемі көңіл бөліп,бос уақытында немен айналысады,кіммен араласады, достары кім екенін біліп отырыңыздар.Балаларға сақ болайық.
Құрметті 4- мектеп ұжымы!
Құрметті 4- мектеп ұжымы! Сіздерді 7 мамыр Отан қорғаушылар, 9мамыр-Жеңіс күні! Мерекелерімен шың жүректен құттықтаймын! Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын. Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз. Таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілеймін. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын.Биік шыңдардан көрініңіздер!
«Жайдарман»
Қарақия ауданының 50 жылдығы аясында өткізілген аудандық «Жайдарман» әзіл-сықақ ойынына мектебіміздің 7 “Ғ” сынып оқушылары қатысып, 1 орын иеленді. Сонымен қатар Ислам Нұр “Үздік ойыншы” атағына ие болды. Сынып жетекшісі: Қашаған Назеркеге алғыс білдіреміз.
"Табиғатты аяла"
2023 жылдың 26-27 сәуір күндері "Табиғатты аяла" атты жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумында Жаңаөзен қаласы Сүгір Бегендікұлы атындағы N4 жалпы білім беретін мектептің 7"А"сынып оқушысы Кумек Есбол " Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы" номинациясы бойынша 1орын, 9"В"сынып оқушысы Сағдат Толқын " Zhasyl EL" номинациясы бойынша 2 орын, GREEN QASES" номинациясы бойынша 9"В" сынып оқушысы Кумек Ақкербез 2 орын, "Туған өлкенің бояулары" номинациясы бойынша 8 "А" сынып оқушысы Қасыбай Айару 3 орындарды иеленіп, мектебімізді қуанышқа бөледі. 1- орынды иеленген Кумек Есбол республикалық байқауға жолдама алды. Дайындаған ұстаздары Тегисбаева Жұлдыз, Алибекова Жұмабибі, Сүйеуова Айгүлге алғысымыз шексіз, республикадан да жүлделі орынды иеленуіне тілектеспіз, Кумек Есболға сәттілік тілейміз.
"Жасынан оқу оқып, өнер қуған"
20.04.2023 күні Жаңаөзен қаласы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізілген қалалық "Мағжан оқулары" байқауында "Жасынан оқу оқып, өнер қуған" бағыты бойынша Сүгір Бегендікұлы атындағы N 4 жалпы білім беретін мектептің 8"В" сынып оқушысы Тоқсанбай Нұрай жүлделі I орынды иеленді, дайындаған пән мұғалімі Сатыева Камшат пен Нұрайға алғысымыз шексіз, алдағы уақытта бағындырар белесі көп болғай.
5 бет. Барлығы: 7
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- Алға
- Аяқ жағына




