ХАБАРЛАНДЫРУ
Жаңаөзен қаласы білім бөлімінің «С.Бегендікұлы атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылында ҚР Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығын негізге ала отырып, келесі бос орындарға озық инновациялық технологиялар мен тиімді әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген білікті мамандарға конкурс жариялайды.
Жаңалықтар
"Қазақстан балалары шексіз әлемде"
23.05.2023жылы Ақтау қаласы Маңғыстау энергетикалық колледжінде "Қазақстан балалары шексіз әлемде" балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық кезеңінде " Телевизиялық сюжет" номинациясы бойынша Жаңаөзен қаласындағы Сүгір Бегендікұлы атындағы N4 жалпы білім беретін мектептің 7 "В" сынып оқушысы Бисенбай Інжу жүлделі І орынды, "Ойынды кино" номинациясы бойынша 9"В"сынып оқушысы Маңғыстау Нұрболат ІІ орынды жеңіп алды. І орын иеленген Бисенбай Інжу республикаға жолдама алды. Жетістікке жеткен оқушыларымыз бен дайындаған жетекшілері Бекболатова Рысгүл мен Сүйеуова Айгүлге алғысымызды білдіреміз. Республикадан да жүлделі орынмен оралуына тілектеспіз
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, білім ортасында өздерін әдепті жүруге тәрбиелеу
Сүгір Бегендікұлы атындағы N4 жалпы білім беретін мектептің 3 “Б” сынып оқушылары Сынып жетекшісі : Енсегенова Гулбаршын 1 маусым “Балаларды қорғау күні” Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, білім ортасында өздерін әдепті жүруге тәрбиелеу.
"1маусым -Халықаралық балаларды қорғау күні”
С.Бегендікұлы атындағы №4жалпы білім беретін мектептің 7"А"сынып жетекшісі Мысаева Ү "1маусым -Халықаралық балаларды қорғау күні” сынып сағаты өткізілді Мақсаты: Балаларды қорғау мерекесін сезіну,балалық шақтарын бақытты өткізуге,елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу. Сынып сағатта балаларға тренинг өткізіліп, қызықты және көңілді өтті.
Құрметті балалар, достар, ата - аналар!
Құрметті балалар, достар, ата - аналар! Сіздерді бүгінгі 1 - маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз, еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын! С.Бегендікұлы атындағы #4ЖББ мектебінің 2”Б”сыныбында тәрбие сағаты өтті.
«Балалар алаңы – сиқыр әлемі»
22 – 26 мамыр аралығында ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№4 «Сәулетай» балабақша-бөбекжайы» КМҚК – да «Балалар алаңы – сиқыр әлемі» атты байқау жарияланады. Байқау Өскемен қаласындағы білім беру ұйымдарының Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық топтарда өткізіледі. Ата-аналарды байқауға белсенді қатысуға шақырамыз!
“Сүгір Бегендікұлы атындағы жалпы білім беретін”
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің “Сүгір Бегендікұлы атындағы жалпы білім беретін”КММ 1- сыныпқа 2023-2024 оқу жылына құжаттарды қабылдау жүріп жатқанын қаперіңізге береміз.Қазіргі таңда 113 оқушының құжаты қабылданды.
"Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!"
Бөбекжайымызда "Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!" атты 9 мамыр мерекесіне арналған мерекелік іс шара аталынып өтілді. Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Осындай ерекше күні сіздерге бейбіт өмір, баянды бақыт, татулық пен береке бірлік тілейміз. Аспанымыз әрқашан ашық болсын!
Мақсаты: Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, Отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Сүгір Бегендікұлы атындағы N4 жалпы білім беретін мектеп
13.05.2023 ж күні білім алушылар мен педагогтар арасында “Жасыл мекен” челленджі ұйымдастырылды.Мақсаты: білім алушылардың бойына экологиялық мәдениетті қалыптастыру,адамдарға деген қамқорлық сезімін ояту, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеумен қатар еңбекке баулу. Отправлено из мобильной Почты Mail.ru
4 бет. Барлығы: 7
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- Алға
- Аяқ жағына




