20.04.2023 күні Жаңаөзен қаласы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізілген қалалық "Мағжан оқулары" байқауында "Жасынан оқу оқып, өнер қуған" бағыты бойынша Сүгір Бегендікұлы атындағы N 4 жалпы білім беретін мектептің 8"В" сынып оқушысы Тоқсанбай Нұрай жүлделі I орынды иеленді, дайындаған пән мұғалімі Сатыева Камшат пен Нұрайға алғысымыз шексіз, алдағы уақытта бағындырар белесі көп болғай.
20.03.2023 күні Жаңаөзен қаласы бойынша жалпы білім беретін мектептер арасында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде мектебіміздің 11 "Ә" сынып оқушысы Изтұрғанова Аяжан III орынды иеленді. Аяжанға, дайындаған мұғалімі Қожахметова Гаухарға шығармашылық табыс, биік өрлеу тілейміз.
Сүгір Бегендікұлы атындағы N 4жалпы білім беретін мектептің 7-8сыныптар арасында 13.04.2023 күні шахмат ойыны өтті.Ойынның мақсаты шахмат ойынды насихаттау.Бұл жылдам ойлану шешім қабылдауға үйретеді.Ойлау логикасы зейінділікті дамытуға,әралуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге,жеңіске жетуге тәрбиелеуге көмектеседі.




