Төмендегі мамандар бойынша конкурс жариялайды:

Математика пәні мұғалімі -2

Кәсіптік бағдар беру маманы-1

Тарих пәні мұғалімі-1

Бастауыш сынып мұғалімі-1 (уақытша)

16.03.23 20 16.03.23 20

С. Бегендікұлы атындағы №4 жалпы білім беретін мектепте 2023жылдың 23қаңтар күні асхана жұмысының сапасын зерделеу жүргізілді. 2022-2023оқу жылының II жарты жылдығында аз қамтылған, көп балалы отбасыдан 206 оқушы, оған қосымша 1сыныптарда 153 оқушы барлығы 358оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыздандырып келеді. Мектептегі ыстық тамақпен қамтылған аз қамтылған жағдайы төмен, көп балалы отбасы балаларының тегін тамақпен қамтамассыз етілетін оқушылардың тамақтануын, асхананың талапқа сай жұмыс жасауын және балаларға берілетін тамақтың сапасын тексеру барысында ай сайын бракераж комиссия мүшелері тексеріп отырады.

25қазан Республика күніне орай С. Бегендікұлы атындағы №4ЖББМ дәлізінде әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен «Жылы жүрек» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа, ізгілікке, кеңпейілділікке тәрбиелей отырып, оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, әрдайым жақсылық, қамқорлық жасай білуге баулу.

2022 жылдың мамыр айында ҚазМұнайГаздың ұйымдастыруымен  9 сынып оқушылары арасында өткен «Айқанат» олимпиадасының қорытындысы

2022 жылдың казан  айында ҚазМұнайГаздың ұйымдастыруымен  8 сынып оқушылары арасында өткен «Айқанат» олимпиадасының қорытындысы

2023 жылдың 20 қаңтар күні № 23 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткен 7,8 сынып оқушыларының пәндік олимпиадасының қорытындысы.

2022 жылдың 18 қарашасы күні Жаңаөзен қаласының № 20  жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5,6 сыныптардың математика пәнінен Алтын сақа олимпиадасы болып өтті.Сайысқа қала мектептерінен 5,6 сынып оқушыларынан 6 оқушыдан қатысқан болатын.Сайыстың қорытындысы бойынша Сүгір Бегендікұлы атындағы № 4 жалпы білім беретін мектептен қатысқан 6 оқушының 4 жүлделі орын иеленіп командалық есепте қала бойынша 1 орынды иеленді.Олар Жарылқағанқызы Акниет 3 орын,Амалбек Аксұңқар 2 орын,Наурызғали Мадина 1 орын,Демеу Алтынай 3 орын.Облыстық сайысқа екі оқушымыз жолдама алды.

2022 жылдың  26 қарашасы күні Жаңаөзен қаласындағы № 22 жалпы білім беретін мектепте ӨзенМұнайГаз АҚ  ұйымдастыруымен 9 сыныптар арасында жаратылысттану  математика,химия,физика,биология,география және информатика пәндерінен пәндік олимпиада өтті.Олимпиадаға қаламыздағы барлық жалпы білім беретін мектептерден 12 оқушыдан қатысты.