"Абайтану"
19.04.2023 жылы Жаңаөзен қаласы бойынша жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық "Абайтану" олимпиадасы болып өтті. Олимпиадағы мектебімізден қатысқан 9"Б" сынып оқушысы Құлбай Аделя жүлделі II орынды, 10"Б" сынып оқушысы Жолдыбай Аяулым III орынды иеленді. Оқушыларымыз бен дайындаған ұстаздары Қожахметова Гаухар мен Олджаева Сандуғашқа алғысымыз шексіз, жетістіктерге жете берулеруіңізге тілектеспіз
"Жарақаттың алдын алу"
Сүгір Бегендікұлы атындағы N 4 жалпы білім беретін мектепте 17.04 күні 🧑🏻🏫 Оңғарбай Қанат Тарих пәні мұғалімі 📌"Жарақаттың алдын алу" атты 6"Б" сыныбына ашық тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: Алғашқы көмек көрсету түрлерін білуге, алғашқы көмек көрсете білуге үйрету,еңбекке баулу. Тәрбие сағаты өз деңгейінде өтіліп, "Өте жақсы"деп бағаланды.
"Жарқын болашақ"
18.04.2023 жылы Жаңаөзен қаласы бойынша жалпы білім беретін мектептердің арасында 7-11 сынып оқушыларына арналған "Жарқын болашақ" республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңінде "Жас қаламгер" бағыты бойынша 8"А"сынып оқушысы Епікбай Ақмоншақ жүлделі III орынды, "Бейнелеушілер" бағыты бойынша 9 "А" сынып оқушысы Асылбек Ардақ IV орынды, "Әнші бұлбұлдар" бағыты бойынша 9 "Б" сынып оқушысы Құлбай Аделя IV орынды иеленді. Оқушыларымыз бен дайындаған мұғалімдері Қожахметова Гаухар, Аккулова Гүлназды құттықтаймыз, биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз
"Табиғатты аяла"
14.04.2023 жылы Маңғыстау облыстық білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептер арасында "Табиғатты аяла" атты байқаудың қалалық кезеңінде Сүгір Бегендікұлы атындағы N4 жалпы білім беретін мектептің 7"А"сынып оқушысы Кумек Есбол " Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы" номинациясы бойынша 2 орын, 9"В"сынып оқушысы Сағдат Толқын " Zhasyl EL" номинациясы бойынша 1 орын, 9 "В" сынып оқушысы Қуанышбек Гүлназ 2 орын, "Экотеатр" номинациясы бойынша 7 "А" сынып оқушылары 2орын, "Eko- Bolashak" номинациясы бойынша 7"В"сынып оқушысы Ерғали Сұлтан 3 орын, " GREEN QASES" номинациясы бойынша 9"В" сынып оқушысы Кумек Ақкербез 1 орын, "Туған өлкенің бояулары" номинациясы бойынша 7 "А" сынып оқушысы Қасыбай Айару 2 орындарды иеленіп, мектебімізді қуанышқа бөледі. 1-2 орындарды иеленген Сағдат Толқын, Кумек Ақкербез, Кумек Есбол, Қасыбай Айару облыстық байқауға жолдама алды. Дайындаған ұстаздары Тегисбаева Жұлдыз, Алибекова Жұмабибі, Мысаева Үзімгүл, Бекболатова Рысгүл, Сүйеуова Айгүлге алғысымыз шексіз, облыстан да жүлделі орындарды қанжығаларына байлауларына тілектеспіз. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз.
2023 жылдың 13 сәуір күні N11 жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып оқушылары олимпиадасының қалалық кезеңі өтті
2023 жылдың 13 сәуір күні N11 жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып оқушылары олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.Олимапиадаға Сүгір Бегендікұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 2 сынып оқушысы Далубек Ақниет қатысып жүлделі IV орынды иеленді.Жетекшісі Ахметова Нурсулу Аманқызы.
Қалалық оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 10-11 сәуір күндері қалалық бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасы N13 Дарын мектеп-лицейінде өтті.Олимпиадаға Сүгір Бегендікұлы атындағы N4 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сақтапова Жамила қатысып жүлделі IV орынды иеленді.Әріптесімізге шығармашылық өрлеу тілейміз.
"Мамандық таңдау,өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау”
Сүгір Бегендікұлы атындағы №4 жалпы білім беретін мектепте 11.04.2023ж
Педагог-психологтар: Мысаева Ү,Келдибаева А
"Мамандық таңдау,өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау” “Өмірде мақсатты жоспарлай білесізбе?”сұхбаттасу,тренинг өткізілді.Мақсаты: Әр түрлі мамандықтар туралы мәліметтерді ж/е өз бағыттылығын,қабілетін анықтау.
Ата-аналар жиналысы болып өтті
Сүгір Бегендікұлы атындағы N 4 жалпы білім беретін мектептің 3”В” сынып Тастайбекқызы Фариданың ата-аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.ІІІ тоқсан қорытындысы.
2.Ата-ана мен оқушы арасындағы тығыз қарым қатынас.
3.Әртүрлі мәселелер/ сұрақ-жауаптар.
1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ 2023 ЖЫЛДЫҢ 1 СӘУІРДЕН БАСТАЛАДЫ 2023 - 2024
1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ 2023 ЖЫЛДЫҢ 1 СӘУІРДЕН БАСТАЛАДЫ 2023 - 2024 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ Электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Ата-аналарға порталдың «Білім» бөлімінен «Орта білім» бөліміне өту қажет. Ары қарай «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін таңдап, қажетті құжаттарды қоса жолдай отырып, өтініш беру жеткілікті. Бірінші сыныпқа өтініштер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін қабылданады. Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді. Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар: ☑️Ата-ананың ЭЦҚ кілті; ☑️Бала денсаулық паспорты 026/у-3 нысаны; ☑️063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; ☑️3*4 көлеміндегі 2 дана сурет. #1_сыныпқа_қабылдау #Бірінші_сынып
Оқуға құштар мектеп
Наурыз айының 31 жұлдыз ы күні Сүгір Бегендікұлы атындағы #4 жалпы білім беретін мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сайысы өткізілді. Сайысқа 5 сыныптың оқушылары қатысты. Мақсаты: Ұлтымыздың рухани құндылықтарын, мәдени қазынасын, алтын бастау қайнары сөз өнерін соның ішінде ең бір шүйгінді саласы ғасырлар бойы жинақталған мақал - мәтелдерді жаңғырту, оқушыларды зерделік жағынан тәрбиелеу, әртүрлі формалар мен әдістер арқылы сөз өнеріне баулу.
Қамқорлық көрсету халқымыздың ханына сіңген асыл қасиет
Қамқорлық көрсету халқымыздың ханына сіңген асыл қасиет. Осы орайда Сүгір Бегендікұлы атындағы N 4 жалпы білім беретін мектептің жас мамандары “ Рамазан сыйы” атты қайырымдылық іс-шарасы болып өтті. Рамазан айында ұйымдастырылған шараның мақсаты отбасыларға азақ-түлікпен көмектесу. #рамазан2023 #жасмамандар #оразақабылболсын!
6 бет. Барлығы: 7
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- Алға
- Аяқ жағына




