2023 жылдың 12 мамыр күні Маңғыстау облысының білім басқармасының «Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің Сүгір Бегендікұлы атындағы № 4 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекетік мекемесінде қауіпсіздік шарасы бойынша оқу жаттығу шарасы өткізілді.
Жаттығу өтпестен бұрын мектеп ұжымы мен мектеп оқушыларына шара барысының ережесі толыықтай ескертілді.
Жаттығудың негізгі мақсаты:Мектеп оқушылары мен мектепте жұмыс жасайтын барлық қызметкерлердің қауіпсіздігін қорғау, қауіпсіздік шара ережелерін толықтай түсіндіру.
Таңертенгі сағат 11:49 күзет мекемесінің маманы ереже бойынша дабыл түймесін басты.
Арадан 6 минут өткенде Қызылсай ауылындағы полиция бекетінен екі ішкі істер қызметкерлері келсе, сағат 11:59 да күзет мекемесінің арнайы жасақталған 4 қосымша қызметкерлері көмекке қамтылды.
Өткізілген шара кезінде бастауыш оқушылары мен ұстаздары эвакуация ережеге сәйкес сыртқа қауіпсіз аймаққа шығарылды.
Жаттығу аяқталғаннан кейін мектеп оқушылары сыныптарына келіп, оқуын жалғастырды. Алдағы уақытта мектеп оқушыларының және ұстаздарынң өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жоспарға сәйкес осы үлгіде жаттығулар өткізіліп тұратыны жайында ұжымға ескертілді.




