2023 жылдың 26-27 сәуір күндері "Табиғатты аяла" атты жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумында Жаңаөзен қаласы Сүгір Бегендікұлы атындағы N4 жалпы білім беретін мектептің 7"А"сынып оқушысы Кумек Есбол " Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы" номинациясы бойынша 1орын, 9"В"сынып оқушысы Сағдат Толқын " Zhasyl EL" номинациясы бойынша 2 орын, GREEN QASES" номинациясы бойынша 9"В" сынып оқушысы Кумек Ақкербез 2 орын, "Туған өлкенің бояулары" номинациясы бойынша 8 "А" сынып оқушысы Қасыбай Айару 3 орындарды иеленіп, мектебімізді қуанышқа бөледі. 1- орынды иеленген Кумек Есбол республикалық байқауға жолдама алды. Дайындаған ұстаздары Тегисбаева Жұлдыз, Алибекова Жұмабибі, Сүйеуова Айгүлге алғысымыз шексіз, республикадан да жүлделі орынды иеленуіне тілектеспіз, Кумек Есболға сәттілік тілейміз.




