С. Бегендікұлы атындағы №4 жалпы білім беретін мектепте 2023жылдың 23қаңтар күні асхана жұмысының сапасын зерделеу жүргізілді. 2022-2023оқу жылының II жарты жылдығында аз қамтылған, көп балалы отбасыдан 206 оқушы, оған қосымша 1сыныптарда 153 оқушы барлығы 358оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыздандырып келеді. Мектептегі ыстық тамақпен қамтылған аз қамтылған жағдайы төмен, көп балалы отбасы балаларының тегін тамақпен қамтамассыз етілетін оқушылардың тамақтануын, асхананың талапқа сай жұмыс жасауын және балаларға берілетін тамақтың сапасын тексеру барысында ай сайын бракераж комиссия мүшелері тексеріп отырады.

Ыстық тамақтың сапасы мен ұйымдастырылуына бақылауды мектеп директоры, ата-аналар комитеті мен мектеп медбикесі әлеуметтік педагог тарапынан құрылған комиссия құрамы жүзеге асырады және акт толтырады. Брокераждық комиссиямен тексеру кезінде мектеп асханасында тыйым салынған тағамдар анықталған жоқ. Оқушыларға берілетін тағамдар сапасы мөлшерге сай, ас мәзірі бойынша үнемі өзгертіп отырады. Буфетте тағамдар түрі жиі толықтырылып тұрады. Буфеттік тағамдардың бағасы 150-200теңге аралығында. Мектеп асханасы 5күндік жұмыс кестесімен жұмыс жасайды. Бір күнде 358 оқушы тегін ыстық тамақ ішеді, 1467-ға жуық оқушы ыстық және буфеттік тамақпен қамтылып отырады. Асханаға бару кестесіне сәйкес әлеуметтік педагог оқушыларды тамақтануға алып келіп, тамақтарын таусып жеуін қадағалап жүреді. Тамақтар талапқа сай, ас мәзірі негізінде беріледі. Аптасына 1рет тамақтану мен тамақ пісіру орнына жаппай тазалық жасалынып дезинфекцияланады.

16.03.23 11 16.03.23 11 16.03.23 11 16.03.23 11 16.03.23 11 16.03.23 11 16.03.23 11 16.03.23 11 16.03.23 11