14.04.2023 жылы Маңғыстау облыстық білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептер арасында "Табиғатты аяла" атты байқаудың қалалық кезеңінде Сүгір Бегендікұлы атындағы N4 жалпы білім беретін мектептің 7"А"сынып оқушысы Кумек Есбол " Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы" номинациясы бойынша 2 орын, 9"В"сынып оқушысы Сағдат Толқын " Zhasyl EL" номинациясы бойынша 1 орын, 9 "В" сынып оқушысы Қуанышбек Гүлназ 2 орын, "Экотеатр" номинациясы бойынша 7 "А" сынып оқушылары 2орын, "Eko- Bolashak" номинациясы бойынша 7"В"сынып оқушысы Ерғали Сұлтан 3 орын, " GREEN QASES" номинациясы бойынша 9"В" сынып оқушысы Кумек Ақкербез 1 орын, "Туған өлкенің бояулары" номинациясы бойынша 7 "А" сынып оқушысы Қасыбай Айару 2 орындарды иеленіп, мектебімізді қуанышқа бөледі. 1-2 орындарды иеленген Сағдат Толқын, Кумек Ақкербез, Кумек Есбол, Қасыбай Айару облыстық байқауға жолдама алды. Дайындаған ұстаздары Тегисбаева Жұлдыз, Алибекова Жұмабибі, Мысаева Үзімгүл, Бекболатова Рысгүл, Сүйеуова Айгүлге алғысымыз шексіз, облыстан да жүлделі орындарды қанжығаларына байлауларына тілектеспіз. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз.

17.04.23 1 17.04.23 1 17.04.23 1