Жаңаөзен қаласы  білім бөлімінің «С.Бегендікұлы  атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылында ҚР Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығын негізге ала отырып, келесі бос орындарға озық инновациялық технологиялар мен тиімді әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген білікті мамандарға конкурс жариялайды.

Қажетті мамандар саны:

1.Бастауыш сынып мұғалімі – 2 маман (уақытша)

Мамандарды қабылдау комиссиясының отырысы 31.08.2023 ж . сағат 17:00 де өткізіледі.

Құжаттарды 27.08.2023 ж күні сағ 18.00-ге дейін комиссия хатшысы

Қуанышбекова Нұрсауле (ұялы тел. +7(778) 954 04 78) тапсыру сұралады.

Конкурсқа қатысатын педагогтарға қажетті құжаттар тізімі:

Негізгі функционалдық міндеттері: сабақты үлгілеу, оқу сабақтарын жоспарлау, теорияны практикамен ұштастыру, педагогикалық үдерісті әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету.

Мекен-жайы: Жаңаөзен қаласы Қызылсай ауылы  Бейбітшілік көшесі, 205

Байланыс телефоны: +7293426360

Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер төмендегідей құжаттар тізбесін жолдайды.

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш.

2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін).

3) Кадрларды есепке алу бойынша толырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса).

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері.

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.

8)Наркологиялық ұйымнан анықтама.

9) Соттылығы туралы анықтама

10) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлік(болған жағдайда).

11) Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

12) Жергілікті мекен бойынша жұмыссыздық орталығына тіркелуі шарт

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.