2 мамыр куні оқу ісі меңгерушісі Тлеубаева Мейрамгуль және физика пәні мұғалімдері : Жамбозқызы Ф., Бушбаева Ж., Ходжаева А., Айдар М. бастамасымен ардагер , ұлағатты ұстаз , физик Кемалиев Нұрберген Нұрлыбайұлы атындағы мектепішілік физикалық - шығармашылық олимпиаданы өткізді . Мұнда қоғамдық кеңес мүшелері, сондай - ақ ұстаз отбасы, зейнеткер ұстаздар қонақ ретінде шақырылған болатын. Олимпиада барысында техникалық -физикалық көрме, “Сыр- сұхбат” , “ Family LAB” отбасылық - зертхана шоу, ғылыми жоба сайысы, музыкалық монолог өтті. Олимпиада мақсаты : ұстаз еңбегін , шығармашылығын насихаттау. Олимпиада қызықты әрі жақсы деңгейде өтті. Мектеп басшысы Қ.М.Батырова олимпиаданы ашып, көркем еңбек пәні мұғалімдері Р.Тулейбаева, Қ.Бүркітбаев, Қ.Чамунова оқушылары дайындаған қозғалмалы физикалық өнімдер мен қазақ тілі пәні мұғалімі Құбаева Ә. дайындаған ұстаз өмірінен үзік фрагмент пен музыка пәні мұғалімі Акбергенов Р. куй шашуы мен “Өрен” тобының өнерпаздары мен мектеп оқушыларынан дайындалған сазды бағдарламалар олимпиаданың ажарын аша түскендей. Көрерменнің көкірегіне бағдарламаны жоғары дауыс тембрімен жеткізе білген тарих пәні мұғалімі Оңғарбай Қ мен сахнаны әрлеген орыс тілі пәні мұғалімі Құлбаева І. болды.
“Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші , көпшілікпен біткен айтулы, көптен көкейде жүрген бір жұмыс өз түйінін шешіп, сәтті аяқталды. Ұстаз отбасы және жеке кәсіпкер Жарасов А. оқушылар мен ұстаздарға демеушілік жасап , қолдау көрсетті. География пәні мұғалімі Ж.Тегісбаева , бастауыш сынып мұғалімі Ж. Балсүгірова, ардагер ұстаз Б.Өскінбаев ғылыми жобаларға төрелік жасап, әділ шешім шығарды.




